Мектепалды даярлық “Ақыл” тобында балалар бос уақытында сюжеттік –рөлдік ойындар ойнағанды ұнатады. Ойын барысында бала қиялды ойлауды, тәуелсіздікті дамытады. Бүгін балалар «Кітапхана»ойынын ойнады. Ойын барысында қоршаған әлемді қабылдау кезінде алынған білім негізінде сюжетті дамытуға үйрету; балаларды ойын әрекетіне эмоционалды — жауап бере отырып, оларды дербестікке ынталандыру, балалардың кітапханашы мамандығы туралы, оның жұмысының мазмұны, маңыздылығы туралы білімдерін кеңейту; балалардың кітапхана қызметтерін пайдалану қабілетіне ықпал ету міндеттері шешілді.
Ойын алдында алдын – ала жұмыс жүргізілді: «Кітапхана» тақырыбындағы иллюстрацияларды қарастыру; топта шағын кітапхана ұйымдастыру үшін кітаптар мен журналдарды іріктеу.Топ кітапханасына кітап сыйла» акциясы; «Мен халық ертегілерін білемін» ойнын өткізу; қолдан жасалған кітаптар көрмесі ,кітап бұрышын безендіру. «Кітапхана» ойынында оқырмандармен жұмыс істеу үшін орындар, оқу залы, кітап шеберханасы бөлінді. Балалар рөлдерді бөлді. Әр бала өз рөлін қуана орындады. Ойын балаларға үлкен қуаныш сыйлады.










