“Ақжелкен” тобында “От-дос және жау” тақырыбында ұйымдастырылған іс әрекет өтті. Азаматтық қорғаныс өрт сөндіру құтқарушы маманы Абишев Мейрамбек келіп, балабақшада өрт қауіпсіздігі тақырыбында балаларға дәріс оқып, өрт болған жағдайдағы іс-қимылдарды көрсетті. Балаларға өрт қауіпсіздігі бойынша интербелсенді тақтадан слайд және ойындар мен мультфильмдер көрсетіп балалардың қызығушылығын тудыра білді. Балалар көптеген мәліметтер біліп, өздерінің қызығатын, ойында жүрген өзекті сұрақтарына жауаптарын алып жатты.
Тәрбиеші жолдыбаева Г. балаларға табиғаттың қауіпті құбылысы — өрттің қиратқыш күші екенін, оттың пайдасы мен зияны туралы білімдерін бекітіп қана қоймай, өрт сөндіруші мамандығына қажетті: батылдық, ерлік және сабырлық керек екенін айтты.





