«Кітапхана»

Мектепалды даярлық «Ақыл» тобының балалары YIӘ уақытында сюжеттік-рөлдік ойындарды ерекше жақсы көреді. Мұндай ойындар баланың қиялын, шығармашылық ойлауын және тәуелсіздігін дамытуға ықпал етеді. Бүгін балалар «Кітапхана» ойынын ойнады. Бұл ойын олардың қоршаған әлемді түсіну барысында алған білімін пайдалана отырып сюжетті дамытуға, эмоционалды әсер етіп, ойын барысында дербестік танытуға үйретті. Сонымен қатар, балаларға кітапханашы мамандығының мазмұны мен маңыздылығы туралы ақпарат беріліп, олардың кітапхана қызметін пайдалану дағдыларын дамыту мақсаты көзделді.

Ойынға дайындық барысында келесі жұмыстар ұйымдастырылды: «Кітапхана» тақырыбындағы иллюстрацияларды қарау, топта шағын кітапхана жасау үшін кітаптар мен журналдарды іріктеп, жүйелеу, С. Жүпаниннің «Мен кітапханашымын» өлеңін оқу, «Топ кітапханасына кітап сыйла» акциясын өткізу, «Мен халық ертегілерін білемін» шарасы және кітап бұрышын әсемдеу. «Кітапхана» ойыны кезінде оқырмандармен жұмыс істейтін орындар, оқу залы мен кітап шеберханасы бөлініп, балалар өз рөлдерін үлкен қуанышпен орындады.

Бұл ойын балаларға жағымды эмоциялар сыйлап, олардың танымдық және әлеуметтік дағдыларын дамытуда үлкен рөл атқарды.

Тәрбиеші: Ерланқызы Н.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *