Сәуір айының 11 жұлдызында мобильдік топ жоспарына сәйкес , Маңғыстау облыстық мектепке дейінгі және бастауыш білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен “Ұлттық құндылықтар: Бала денсаулығы мен өмір қауіпсіздігі” тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинар мақсаты: Тәрбиеленушілердің өмірлік қауіпсіздігін құзыреттілік ортальқтарында дамытуда, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және әр түрлі формалар мен жұмыс әдістері арқылы ұйымдастырып, педагогтердің кәсіби
құзыреттілігін арттыру.
Облыстық мектепке дейінгі және бастауыш білім беру бөлімінің әдіскері Т.Г.Бектурова мен бөбекжайымыздың директоры Г.А.Баймбедова сөз сөйлеп семинар бағдарламасымен таныстырды. Семинарға 30педагог қатысты. Олар ұйымдастырылған іс-әрекеттерге қатысып, ойларын ортаға салып, өзара іс-тәжірибе алмасты.
“Ақыл” МАД тобынын тәрбиешілері Бақытова Тлектес Қонысқызы мен Ерланқызы Нұрбану “Саяхатшы Дара көмекке асығады”, “Ақсұңқар” ересек тобының тәрбмешілері Жолдыбаева Гүлзира Айтжанова мен Жумаш Айгерім Жолдасқызы “Жеті лаққа қауіпсіздікті үйретейік”, “Ақжелкен” ересек тобының тәрбиешілері Куатова Нургуль Онбергеновна мен Зинуллпна Жанар Қайратқызы,ата-ана Қуаншалиева Аселиммен “Тұрмыстық техника қалашығына саяхат” тақырыбында ұйымдастырылган іс-әрекеттерін жоғары деңгейде көрсетті. Сонымен катар, бебекжайымыздың қазақ тілі мұғалімі Шыңғысдай Балжан Сағабекқызы “Қауіпті ертегілер” тақырыбында шебер сынып, бөбекжайымыздың педагог-психологі Қаржаубаева Маржан
Бақтығаликызы “Бөбекжайда буллинттің орын алуы” тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Бөбекжай тәрбиеленушілері мен педагогтары “Бауырсақтың хикаясы” атты театрландырылған мюзикл қойды.Жетекшілері ән-саз жетекшісі Нурканова Гулфарида Кайырбаевна мен хореограф Уйсенбаева Ақмарал Узбекқалиевна
Корытындылай келе, семинарға қатысушылар кері байланыста болып, ашық диалог аясында еркін пікір алмасты.