“Ғарышкерлер күніне”

11 сәуір күні Қарақия кәсіптік колледжінде су тасқынына байланысты эвукуацияланған отбасылардың 50 балаға “Ғарышкерлер күніне” орай “Болашақ” бөбекжайының еріктілері Мамаева Н., Утенова А., Нурканова Г. , Есжанова М. мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Шара спорттық ойындарға ұласып, балалар көңілді старт ойындарына қатысты. Қатысқан балалар күліп, жадырап, асыр салып ойын ойнады. Олармен қоса, ата-аналар да сырттай тамашалап, сергіліп қалғандарын жеткізді. Соңында балаларға тәтті сыйлықтар таратылды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *